00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Жас химиктеріміз халықаралық жарыста төрт медаль еншіледі

25.07.2023 | 12:30
50
Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Оқушыларымыз  55-ші халықаралық химия олимпиадасында бір алтын, екі күміс және бір қола медаль жеңіп алды, деп хабарлады Elorda.info.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, интеллектуалдық жарысқа әлемнің 88 мемлекетінен 350-ден астам оқушы қатысты. Олимпиада 16-25 шілде аралығында Швейцарияның Цюрих қаласында өтті.

Химия бойынша медальдар қорының сапалық құрамын жаңартқан жеңімпаздар:

Санжар Бисенәли, Астана қаласындағы ДББҰ «ФМБ НЗМ» 12 сынып оқушысы – алтын медаль;

Ринат Илюсизов, Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінің 10-сынып оқушысы – күміс медаль;

Альмира Нурланова, Ақтау қаласындағы ДББҰ «ФМБ НЗМ» 12-сынып оқушысы – күміс медаль;

Бекболат Мамырбеков, Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БИЛ» сынып оқушысы – қола медаль.

«Үздік төрттіктің» жетекшілері — республикалық және халықаралық олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпаздары Әзім Аманжолов пен Азамат Жақсылықов.

Айта кетейік, ірі халықаралық олимпиадалардағы жеңіс оқушыларға конкурстан тыс негізде еліміздің жоғары оқу орындарына грант, ақшалай сыйақы алуға мүмкіндік береді. 

Барлық жаңалықтар