00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

«Зерде» республикалық конкурсы мәреге жетті

26.02.2024 | 10:52
60
Фото: daryn.kz

Конкурста математика, қолданбалы математика; физика, космос; туризм және спорт; химия, биология; информатика, робототехника, STEM инженерия секциялары бойынша зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар бағаланды.

Конкурстың қорытынды кезеңіне республиканың барлық өңірінен 275 оқушы қатысты. Қазылар алқасының шешімімен 163 қатысушы жүлделі орындармен марапатталды. Оның ішінде І дәрежелі диплом – 41, ІІ дәрежелі диплом – 57, ІІІ дәрежелі диплом – 65, сондай-ақ ерекше жетістіктері үшін берілген грамота – 80.

Естеріңізге салсақ, «Зерде» конкурсының қоғамдық-гуманитарлық бағыты биыл 30 қаңтар мен 1 ақпан аралығында 369 оқушы арасында өтті. Онда 209 қатысушы жүлделі орындармен марапатталған.

Барлық жаңалықтар