00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Ғылым және жоғары білім министрі Шымкенттегі университетте болды

19.06.2023 | 21:30
50
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Шымкент қаласына жасаған жұмыс сапары аясында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде білім алушыларға жасалған жайлы орта талаптарымен танысты, деп хабарлады Elorda.info.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, университетте білім алушыларға 4 жатақханалық кешен қызмет көрсетеді. Оның ішінде 12-қабатты студенттер үйі университеттің негізгі инфрақұрылымдық базасы шоғырланған аймақта орналасып, оқу орнының бірыңғай кешенін құрайды. 440 орындық жатақханада әр бөлмеде екі студенттен орналасады, жеке санузел, жуынатын бөлме қаралған. Кешеннің әр қабатында ас дайындау, киім жуу, үтік басу аймақтары бар.

Жатақханада жастарға жасалған жағдаймен танысқан ведомство басшысы білім алушы контингентке жайлы орта, қолайлы атмосфера қалыптастыру қазіргі заманғы жоғары білімнің басты талабы екенін айтты. Бұл бағытта жүйелі жұмыстар жүргізуді тапсырып, заманауи жатақхана кешендерін салуда іскерлік ортамен тиімді ықпалдастықты арттыруды жүктеді. Жұмыс сапары барысында министр мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде салынып жатқан жаңа студенттер үйінің құрылысымен танысты.

Барлық жаңалықтар