00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

WorldSkills Kazakhstan – 2023 чемпионатының жеңімпаздары анықталды

28.11.2023 | 05:30
72
Фото: дереккөз

Астанада WorldSkills Kazakhstan – 2023 VIII республикалық чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлады Elorda.info

Үш күн бойы өңірлік чемпионаттардың жеңімпаздары 30 құзырет және 7 бағыт бойынша үздік атану үшін бақ сынасты. Салтанатты марапаттау рәсіміне Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қатысты. 

Министр өз сөзінде барлық қатысушыларды техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы айтулы шарамен құттықтап, ел экономикасын дамытудағы жұмысшы мамандықтарының рөліне ерекше тоқталды.

WorldSkills Kazakhstan – бұл жұмысшы мамандықтарын меңгерген студенттер үшін үлкен мүмкіндіктерге жол ашатын ауқымды чемпионат. Биыл біздің студенттер EuroSkills Gdansk турнирінде ең жақсы нәтижеге қол жеткізіп, екі медаль мен төрт «Үздік медальонын» жеңіп алды, – деп атап өтті Ғани Бейсембаев.

Байқау жеңімпаздарын ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова марапаттады. WorldSkills Kazakhstan-2023 VIII республикалық чемпионатында барлығы 100 медаль: 38 алтын, 26 күміс және 36 қола ұтысқа салынды. 153 қатысушы «Үздік медальонын» жеңіп алды.

Командалық есепте 30 құзырет бойынша 6 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль жеңіп алған Абай ауданының командасы көш бастады. Екінші орынды Алматы қаласының командасы иемденіп, 4 алтын, 1 күміс және 4 қола медаль жеңіп алды. Үшінші орын алған Шымкент қаласының құрамасы 29 құзырет бойынша 5 алтын, 2 қола медальді қанжығасына байлады.

Бұдан басқа, кәсіби шеберлік чемпионатының жеңімпаздары еліміздің жетекші компанияларынан: «Grohe», «Knauf», «1С Казахстан», «Robert Bosсh», «Welding Company», «ESAB» және т.б. жұмысқа шақыртулар алды.

Конкурстың барлық 545 қатысушысы WeDoEducation-нен таңдаған түрлі салалардағы кез келген мамандық бойынша білім алу үшін гранттарға ие болды.

Жеңімпаздар 2024 жылдың 10-15 қыркүйегі аралығында Францияның Лион қаласында өтетін WorldSkills халықаралық чемпионатына барады.

Барлық жаңалықтар