00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

VI Nobel Fest: Елордада ғаламдық тақырыптар қозғалып жатыр

06.10.2023 | 05:00
62
Фото: ашық дереккөз

Егер ғылым қоғамның әр саласына араласпаса, қозғаушы күшке айналмаса, онда дамудың өміршеңдігіне қол жеткізу мүмкін емес. 2019 жылдан бері елімізде ғылымға айқын саяси көзқарастың қалыптасуы, артынша отандық ғылымды дамыту үшін арнайы заң қарастырыла бастауы, ертеңін ойлаған елдің қамы екені анық. 

Бүгін осы және одан да кең тақырыптарда, әсіресе инновациялық даму, жасанды интеллект, білім жүйелері, саяси ұстанымдар т.с.с. бағыт-бағдарларды қамтып өтетін мәселелер дәстүрлі «VI Нобель фестивалінде» талқыланды.

Фестивальдің барысы жайлы айтқаннан гөрі, оның мазмұндық маңызына тоқталуды жөн көрдік. Әлбетте, отандық ғылым мәселесі деген соң, аталған іс-шараның ашылуында еліміздің Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің  ой саларлық пікірлері талқынар тақырыптарға тұздық болды. 

Сөзсіз, аталған іс-шараның өзі қаншалықты ғылымға, даму өрісіне, қалыптасу ортасына әсерін, әлемдік тәжірибемен үндесуі жөнінде мемлекеттік жауапты тұлға, бірнеше мысалдарымен келтірді. Керек десеңіз, ғаламдық шеңберде, тек Қазақстан емес, тұтас Орталық Азия аумағының өзі АҚШ-тағыдай «силиконовая долинаға» айналу мүмкіндіктерін де атап өтті. Су, жер, жел, күн, табиғи байлықтар, флора, агрария сияқты факторлардың көптеген жаңа даму мүмкіндіктерін туғызатындығын жеткізді. 

Ал, аталған фестивальдің Консультативтік кеңесінің төрағасы, белгілі меценат Исламбек Салжановтың іс-шараны ұйымдастырудағы басты мақсаты - отандық жастар үшін әлемдегі үздік білімді қолжетімді ету.   

фото нобел1.jpg

Президенттің биылғы 1-қыркүйектегі Қазақстан халқына жасаған «Әділетті Қазақстандағы экономикалық бағыт» Жолдауында да, білім, ғылым және инновация идеялары ерекше орын алды. Сонымен қатар, Төртінші ақпараттық революция заманында технопарктердің еселеп көбеюі.  IT-жобалардың қызмет көрсету саласында көбірек шоғырлануы, бизнес-инкубаторлардың даму кәсіпкерлік орталықтарының қалыптасуы отандық ғылымның күшеюіне әкелері анық. Әрине, инновациялық идеялар егер кәсіпкерлікпен бірікпесе қоғамда, нарықта еш пайдасы болмайды деген, тәжірибелі кәсіпкер Исламбек Салжанов, отыз жылдық өндірістік-инновация саласында үздік көрсеткіштерімен мемлекеттің дамуына үлесін тигізіп келе жатқан Altyn Qyran Group компаниясының айтарлықтай мысалдарымен дәлелдеп өтті. 

Астанада өткен ауқымды шара барысында Ғылыми үздік талдамалы мысалдарымен, әрі әлемдік тәжірибесімен бөліскен, әйгілі Нобель сыйлығының иегері, Жасыл экономиканың балама энергиясы және климат бойынша жахандық сарапшысы Рае Квон Чунг,  «Әлемнің ғылым оскары» сыйлығы атанған Life Sciensces жүлдесінің 2022 жылғы жеңімпазы, доктор Паскаль Мэйр, болашақ технология білгірі, әлемдік футоролог Герд Леонгард және Қауіп-қатерді бағалау тобының үкіметтік емес ұйымының директоры, белгілі саясаттанушы Досым Сәтпаевтың тұщымды ойлары, мыңнан астам жиналған тыңдаушының  назарын аударды.

фото нобел 2.jpg

Спикерлердің ұстанымдарында дамудың өркениетті жолын таңдаған Скандинавия елдері, батыс әлемі, «Шығыс жолбарыстары» атанған Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің үздік бастамалары, табиғи шикізатқа тәуелді дамушы елдердің мұнай мен газды рационалды қолдану үлгісіне мән беруде, қаншалықты ниетте болса, соншалықты өндірістен зардап шегетін қоршаған ортаға да рационалды қорғаудың үлгісін көрсету қажеттігі айтылды. Мәселен, футоролог Герд Леонгардтың пікірінше тоқсаныншы жылдары барлық кәсіпкерлік ақша табуды ойлап келсе, қазіргі толқын қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүдделі. Яғни, дамудың жаппай нәтижелері, инновациялық түрленуге, экологияға зиян келтірмейтін, не келтірілген зардаптың зиянын азайтуға бағытталған идеяларға сүйенетіндігін айтты. 

Десе де, әрбір қадамдар, тек саяси шешім мен экономикалық басымдыққа негіз беретін саяси биліктің ниетіне байланыстығы екендігін, отандық саяси сарапшы Досым Сәтпаевтың өзі ұсынған соңғы он жылдықтағы арнайы зерттеу жұмыстары дәлеледеп берген. Ол инновациялық көрсеткіштердің өсімі, жемқорлықтың әсері мен заңнамалардың бейімділігі, дұрыс саяси және экономикалық реформалардың маңызды векторлардың орындалуына қарай жүзеге асырылатынын, екі жылдық әлеуметтік-қоғамдық сауалнамалардың талдаулары беріп отырғанын жеткізді.

Жалпы инновациялық ғылымның дамуын талқылаған  түрлі пікірлер алаңында, сен тұр мен атайын деген мамандардың құрғақ қасықпен келмегендігі байқалды. Нобель фестивалінде алдағы күндері өз саласының майталманына айналған отыздан астам сарапшының көрнекті ойлары мен бояуы қанық талдаулары талқыланады. 

Мақсат ЖАҚАУ

Барлық жаңалықтар