00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Шымкенттік шенеуніктерге қатысты сот үкімі шықты

02.08.2023 | 05:10
42
Фото: ашық дереккөз

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты білім басқармасының мамандары А. Шиндаулов пен М. Мейірбековке қатысты үкім шығарды, -деп хабарлады  Elorda.info 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған адамдар 36 млн теңге көлемінде айыппұл салуға сотталды.

Олар субсидиялау шарттарына кедергісіз қол қойғаны үшін 100 мыңнан 500 мың теңгеге дейінгі сомада мектепке дейінгі мекемелердің басшыларынан жүйелі негізде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Сотталғандар мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды,- делінген агенттік таратқан мәліметте

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Барлық жаңалықтар