00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Отандық оқу орны еуропаның 13 жетекші университетінің грантын иеленді

11.01.2024 | 04:30
47
Фото: ашық дереккөз

Шымкент қаласындағы  М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Зерттеу университетінің студенттері Еуропа, Түркия мемлекеттерінің 13 жетекші университетінде білім алудың мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлады Elorda.info

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Оқу орны бұндай  жетістікке ERASMUS+ бағдарламасының (ICM) компоненті аясында Еуропалық Комиссияның білім беру, аудиовизуалды құралдар және мәдениет жөніндегі Атқарушы Агенттігінің шешімімен академиялық ұтқырлық бойынша байқау нәтижесінде қол жеткізді. 

Атап айтқанда, университеттің білім алушылары мен профессор-оқытушылар құрамы 2024-2025 оқу жылында Бельгия мемлекетіндегі Гент университеті, Испания мемлекетіндегі Гранада, Валладолид, Кадис, Севилья университеттері, Хорватия мемлекетіндегі Загреб университеті, Латвиядағы Туриба университеті, Польша мемлекетіндегі Познань, Лодзь университеттері, Румыниядағы Иоан Куза университеті, Түркиядағы Халич, Стамбул Культур, Сулейман Демирэль университтерінде білім алу гранттарына ие болды, деп жазды дереккөз. 

Барлық жаңалықтар