00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Оқушыларға ұялы телефонды пайдалануға рұқсат берілмеуі мүмкін

30.11.2023 | 05:38
37
Фото: Оңалхан Өнерхан

Бүгінгі Мәжілістің жалпы отырысында депутат Асхат Аймағамбетов ұстаздар тарапынан түскен бірқатар ұсыныстарға қатысты арнайы норма енгізілгенін айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Ұстаздармен болған кездесулерде түскен тағы бір мәселе оқушылардың сабақ үстінде телефон пайдалануы және оны тыю бойынша заңнамада нақты шектеулердің болмауы. Осыған орай, сабақ кезінде ұялы телефондарды пайдалануды шектеу туралы арнайы норма да жобаға енгізілді.

Заң жобасын қабылдау білім беру саласындағы және жетім балалардың құқықтарын қорғау саласындағы ұлттық заңнаманы жетілдіруге мүмкіндік береді, - деді депутат.

Халық қалаулысы әріптестерінен осы заң жобасын қолдауды сұрады.

Ата-аналардан көп түсетін шағымның бірі – оқушылырдың бағалары мен үй тапсырмаларына тегін қол жеткізу мәселесі. Бұл тақырыпта бірнеше депутаттық сауалдар жарияланған болатын. Осыған орай, заң жобасында оқушылардың бағалары мен үй тапсырмалары түралы ақпаратты ата-аналарға тегін беру туралы нақты міндеттер белгіленіп отыр, - деді Асхат Аймағамбетов.

Сабина КӘКІМЖАН

Барлық жаңалықтар