00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Оқу-ағарту министрі бір пәннен «екі» алғанын мойындады

01.06.2023 | 15:00
42
Фото: primeminister.kz

Бүгін Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев оқу жылының аяқталуына байланысты елорда мектептерінің бірінде өткен салтанатты іс-шараға қатысты, деп хабарлады Elorda.info

Іс-шара аяқталған соң министр журналистерге мектепте қалай оқығанын айтты. 

Ата-анам, әсіресе анам менің бағаларымды қадағалады. Ата-анамды қуанту үшін үнемі жақсы оқуға тырыстым. Өйткені мен «бес» алған сайын анам дәмді бәліштер, тоқаштар пісіретін, жақсы баға алған сайын біздің үйде қуанышты, жағымды аура болатын, – дейді Ғани Бейсембаев. 

Сонымен қатар министр мектепте жақсы оқығанын, тек бір рет «екі» алғанын айтады. 

Менде 11-сыныпта АӘД (алғашқы әскери дайындық – ред.) пәнінен бір ғана «екі» болды: формам болмағандықтан маған «екі» қойды. Әйтпесе менде үнемі «төрт» пен «бес» болатын, – дейді Ғани Бейсембаев. 

Сондай-ақ министр мектепті осыдан 30 жыл бұрын бітіргенін де атап өтті. 

Мектебімізде мектеп бітіру кеші болған емес... Біздің уақытта ешқандай мерекелік шаралар, қазіргідей іс-шаралар болмады. Бірақ өзім мұғалім болып жұмыс істеген кезде әрине, оқу жылы аяқталды деп бүгінгідей балалармен бірге қуанатынмын, – дейді Ғани Бейсембаев. 

Барлық жаңалықтар