00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Мектептердің 65%-ы жоғары жылдамдықты интернетпен қамтылған

30.11.2023 | 06:00
40
Фото: ашық дереккөз

Оқу-ағарту министрлігі мектептердегі интернет сапасын арттыру бойынша кешенді жұмыстар жүргізіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info

Жыл басында мектептердің 19 пайызы ғана талапқа сай болған болса, бүгінде елдегі мектептердің 65 пайызында интернет жылдамдығы артты.

Вице-министр Айбат Ілиясов атап өткендей, осы жылы Оқу-ағарту министрлігі ЦДИАӨМ-мен бірлесіп, мектептердегі интернет жылдамдығына қойылатын талаптарды бекітті.

Барлық мектептер бойынша жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету және оқу үдерісінде цифрлық шешімдерді толық пайдалану үшін интернет желілеріне қосылу технологиясына инвентаризация жүргізілді. Нәтижесі бойынша Starlink технологиясына қосылу үшін интернет жылдамдығы төмен мектептердің тізімі жасалды. Пилоттық жоба аясында 2024 жылдың маусымына дейін бұл мектептерді Starlink технологиясына кезең-кезеңімен қосу жоспарлануда, - дейді Оқу-ағарту вице-министрі.

Айта кету керек, Алматы, Ақмола және Қарағанды облыстарындағы 10 ауыл мектебі пилот ретінде Starlink технологиясына қосылды. Егер бұрын олардағы интернет жылдамдығы 4 Мбит/с аспайтын болса, енді жылдамдық 150 Мбит/с дейін жетті.

2024 жылдың маусымына дейін 2000 мектепті SpaceX интернетіне қосу жоспарлануда. Мектептердің негізгі үлесі Түркістан, Ақмола және Қостанай облыстарында.

Барлық жаңалықтар