00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы жаңа ұранмен жалғасады

04.08.2023 | 10:30
43

Биыл «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы «Жақсылық жаса!» ұранымен өтеді, деп хабарлады Elorda.info.

Жыл сайынғы қайырымдылық акция 2008 жылдан бастап өткізілуде. Акция аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан, сондай-ақ асыраушысынан айырылған, ерекше білім беруді қажет ететін балаларға әлеуметтік қолдау көрсетуге бағытталған.

Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында акцияның бүгінде дәстүрлі қоғамдық қозғалысқа айналғанын атап өтті.

Былтыр демеушілер мен меценаттар 3 млрд 781 млн теңгеге 204 мыңнан астам оқушыға көмек көрсеткен.

Биыл аталған іс-шара «Жақсылық жаса!» ұранымен өтеді. Акция барысында азаматтардың өтініштеріне баса назар аудару үшін білім беру ұйымдарындағы қоғамдық қабылдау бөлмелері, үздіксіз жедел желі жұмыс істейді. Бұдан бөлек, сауда орталықтарында мұқтаж оқушыларға көмек көрсету пункттері ашылады, – деді Е.Оспан.

Сонымен қатар балалардың құқықтарын қорғау комитетінде акция аясында арнайы жедел байланыс желісі (7172) 74 25 28 нөмірі бойынша жұмыс істейді. Акция барысында мұқтаж жандар үшін балалардың құқықтарын қорғау жедел байланыс телефоны, сондай-ақ «Bala Qorgau» телеграм чат-боты арқылы жүргізіледі.

Барлық жаңалықтар