00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

«Мектеп және медиасауаттылық» жобасы Фариза мектебінде қорытындыланды

12.10.2023 | 11:00
59
Фото: Сұлтан Сейіт

«Elorda Aqparat» медиакомпаниясы мен Астана қаласы Білім басқармасымен бірлескен «Мектеп және медиасауаттылық» жобасы аясындағы айлық  кездесулер бүгін Фариза Оңғарсынова атындағы №77 мектеп-гимназияда түйінделді, деп хабарлады Elorda.info 

Аталмыш жоба аясында медиакомпания қызметкерлері бір ай бойы қала мектептерін аралады. Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиядан басталған осындай кездесулер поэзия падишасының аты берілген білім ошағында қорытындылады.  

фото 1.jpg

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары Ғалым Қожабеков бастаған журналистерге мектеп-гимназия директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жансұр Ілиясов алдымен оқу орнын таныстырды. Заманауи талаптарға сай жабдықталған мектепте фаризатану бөлмесімен қатар ата-аналарды қолдау кабинеті ашылған. Ақын атындағы бөлмеден оның отбасы сыйлаған жақсыдан қалған жәдігерлерді, кітаптарды көруге болады. Ал ата-аналарды қолдау кабинетінде оларға түрлі кеңестер беріледі екен. 

Мектепте робототехника кабинеті де бар. Химия және биология кабинеттері жаңа заманға сай техникамен жабдықталған.  Сабақ оқушыларға мультимедиялық тақта арқылы түсіндіріледі. Оқу орнының кітапханасы мен спортзалы да кең.

фото 3.jpg

Кездесуде Ғалым Қосымжанұлы «Мектеп және медиасауаттылық» жобасының мақсатын түсіндіре келе, негізгі мақсат шығармашылықпен айналысатын оқушыларға бағыт-бағдар беру, олардың талабын шыңдау екенін айтып өтті. «Астана ақшамы» газетінің тілшісі Нұрлат Байгенже қазіргі ақпараттық заманда естіген, оқыған ақпаратты сүзгіден өткізу аса маңызды екенін айтты. Кездесу ары қарай сұрақ-жауапқа ұласты. Оқушылар өздерінің жазған шығармаларын қайда жариялауға болатыны жайында, қонақтардың журналистикаға келу жолы, т.б. өздерін қызықтырған сауалдарды қойып, жауап алды.

                                                                    Аманғали ҚАЛЖАНОВ 

Барлық жаңалықтар