00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Магистратураға грант конкурсына құжат қабылдау басталды

12.12.2023 | 07:00
56
Фото: ашық дереккөз

Магистратураға түсу үшін грант конкурсына құжаттарды қабылдау 12-19 желтоқсан аралығында ЖЖОКББҰ арқылы жүзеге асырылады, деп хабарлады Elorda.info.

Грант конкурсына қатысу үшін үміткерлер келесі құжаттарды тапсыруы қажет: жеке куәліктің көшірмесі; жоғары білімі туралы құжат (диплом және қосымшасы); КТ сертификаты; халықаралық сертификаттар (бар болған кезде).

Магистратураға түсушілер 3,8 мың мемлекеттік білім грантына үміткер бола алады. Оның ішінде «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» даярлау бағытына 1 758 грант, «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистикаға» 569 грант, «Педагогикалық ғылымдарға» 469 грант, «Ауыл шаруашылығы және биоресурстарға» 461 грант бөлінген.

Болашақ магистранттардың ЖЖОКБҰ-на қабылдау 2023 жылғы 26 желтоқсан мен 2024 жылғы 10 қаңтар аралығында жүргізіледі.

Барлық жаңалықтар