00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Ұлттық тестілеу орталығы байқау сынақтарын іске қосты

17.10.2023 | 15:00
43
фото: Cavan Images / Getty Images

Талапкерлерге ҰТО сайтында онлайн тестілеуден өту мүмкіндігі беріледі, деп хабарлады Elorda.info Ұлттық тестілеу орталығына сілтеме жасап. 

Құрметті достар, сіздерге 2024 жылғы ҰБТ-ға дайындыққа арналған байқау сынақтары іске қосылғанын хабарлаймыз. Байқау сынағынан www.app.testcenter.kz сайты арқылы өтуге болады.Ол үшін testcenter.kz сайтында тіркеліп, Жеке кабинетіңізге кіріңіз; «Байқау сынағы» бөлімін таңдаңыз;Тестілеу мүмкіндігін сатып алу батырмасын басып, төлем жасаңыз. Байқау сынағының құны – 602 теңге,- деп жазылған хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, ҰБТ-ның жаңа форматына сәйкес бейіндік пәндердің сұрақтар саны артып, 40 тест тапсырмасынан тұрады. Атап өтсек, оларға сәйкестікті анықтауға арналған 5 жаңа типтегі тапсырма қосылды.

Барлық жаңалықтар