00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Ертең «Болашақ» бағдарламасына құжат қабылдау басталады

16.07.2023 | 10:50
35
Фото: дереккөз

«Болашақ» бағдарламасы аясында құжаттарды қабылдаудың төртінші легі 2023 жылғы 17 шілдеден 15 қыркүйекке дейін жалғасады,-деп хабарлады Elorda.info орталықтың сайтына  сілтеме жасап. 

Конкурстық іріктеуге қатысуға өтінімдер мемлекеттік қызметтер порталы – eGov.kz арқылы онлайн түрде қабылданады.

Биыл «Болашақ» стипендиясы үміткерлеріне қойылатын талаптар күшейтілді. Енді үміткерлер шет тілін меңгергенін растауы тиіс.

Ағылшын тілінде оқуға түсушілер төмендегі нәтижелер бойынша IELTS сертификатын ұсынуы керек, - делінген орталық таратқан мәліметте

Олар: квоталық санат бойынша 9.0-ден кемінде 5.0.
Өз бетінше түскендер санаты бойынша (магистратура, докторантура) 9.0-ден кемінде 6.0.
тағылымдама санаты бойынша 9.0-ден кемінде 5.0.
Айта кетейік, биыл магистратура және резидентура бағдарламаларына 395 стипендия, докторантураға 50 стипендия, тағылымдамадан өту үшін 110 стипендия бөлінді.

Барлық жаңалықтар