00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Елордада білім олимпиадасы жеңімпаздары марапатталды

19.01.2024 | 05:30
53
Фото: Сұлтан Сейітов

Бүгін Астанадағы оқушылар сарайында 9-11 сынып оқушылары арасындағы республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінің жеңіпаздарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлады Elorda.info.

глааав.jpg

Олимпиаданы ұйымдастырушы «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының мәліметінше, биыл 762 елордалық оқушы аталған білім сайысынан жеңімпаз атанған. Оның ішінде 100 оқушы I орын, 218 оқушы II орын, 444 оқушы III орынды иеленді. 

 15 пән бойынша дәстүрлі түрде өтетін олимпиадаға  қатысушы елордалық зияткер шәкірттердің саны жыл сайын артып келеді.  Биыл Астана қаласы аудандары бойынша 4000 мыңға жуық оқушы алғашқы кезеңге қатысып, олардың арасынан 2000 бала келесі кезеңге жолдама алды. Оның ішінен 762 жүлдегер топ жарып шығып, бүгін оларды елордалық жоғары оқу орындарының өкілдері медальдармен марапаттап отыр. Ал I орын алған зияткер оқушылар республикалық кезеңге өтеді, - деді «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы директоры Жанар Бисембаева.

глааааав.jpg

Естеріңізге сала кетейік, қалалық олимпиада 2024 жылдың 3-4 қаңтар күндері Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде, Ә.Бөкейхан атындағы және А.Байтұрсынов атындағы BINOM мектептерінде өткен болатын. 

Барлық жаңалықтар