00:00
Астана -10oC
USD:
471.46
EUR:
504.79
RUB:
5.53
Іздеу

Елімізде болашақ журналистерді дайындайтын университеттер

Елімізде болашақ журналистерді дайындайтын университеттер
фото: Elorda.info.

Бүгінде елімізде қаламды қасына серік етіп, елінің  мұңын мұңдап, қуанышын бөлісетін журналистер саны артып келеді. Оған талай майталманды қанат қақтырып, қаламы қарымды журналист етіп шығарып жүрген жоғарғы оқу орындары себепші. Журналистер күні қарсаңында Elorda.info тілшісі журналист болуды қалайтын жас түлектерге арналған бірқатар жоғары оқу орнының тізімін ұсынады.

1. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Оқу мерзімі - 4 жыл

Мекенжайы: Астана қаласы, Сәтбаев көшесі,2

Академиялық дәрежесі – бакалавриат

Оқуға түсу үшін шекті балл  -110

Оқыту тілдері -  қазақ, орыс, ағылшын

2. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Оқу мерзімі – 4 жыл

Мекенжайы: Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71

Академиялық дәрежесі – Бакалавриат

Оқуға түсу үшін шекті балл: 65

Оқыту тілі – қазақша, орысша, ағылшын

3. Сүлейман Демирел атындағы Университет

Оқу мерзімі – 4 жыл

Мекенжайы: Алматы облысы, Қаскелең қаласы, Абылай хан көшесі 1/1

Академиялық дәрежесі – Бакалавриат

Оқуға түсу үшін шекті балл -80

Оқыту тілі – қазақша, ағылшын

4. Астана IT Университеті

Оқу мерзімі – 3 жыл

Мекенжайы- Астана қаласы, Мәнгілік Ел даңғылы, 55/11
EXPO бизнес-центрі, C1 блогы

Академиялық дәрежесі – Бакалавриат

Оқуға түсу үшін шекті балл- 70

Оқыту тілі – ағылшын

5. Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Оқу мерзімі – 4 жыл

Мекенжайы: Қарағанды қаласы, Университет көшесі, 28

Академиялық дәрежесі – Бакалавриат

Оқуға түсу үшін шекті балл - 65

Оқыту тілі – қазақша, орысша

6. Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай Өңірлік университеті

Оқу мерзімі – 4 жыл

Мекенжайы: Қостанай қаласы, Байтұрсынов көшесі, 47. 

Академиялық дәрежесі – Бакалавриат

Оқуға түсу үшін шекті балл -50

Оқыту тілі – қазақша, орысша.

7. С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Оқу мерзімі – 4 жыл

Орналасқан жері-Павлодар қаласы, Ломов көшесі,  64

Академиялық дәрежесі – Бакалавриат

Оқуға түсу үшін шекті балл - 50

Оқыту тілі – қазақша, орысша.

Айта кетейік, елімізде аталған университтерден бөлек тағы мемлекеттік және жекеменшік жоғарғы оқу орындары бар. «Журналистика» мамандығың таңдаған талапкер оқуға түсу үшін шекті балл-дан бөлек университет қабырғасында екі кезеңнен тұратын шығармашылық емтихан тапсырады.

Барлық жаңалықтар