00:00
Астана -10oC
USD:
475.03
EUR:
517.21
RUB:
5.44
Іздеу

НЗМ түлектері жалған емтихан тапсырмаларын таратқаны үшін жазаланды

Назарбаев Зияткерлік мектептері
фото: ast.nis.edu.kz

Бұл туралы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» басқармасының төрағасы Әнуар Жанғозин өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлады Elorda.info.

Бұған дейін Назарбаев Зияткерлік мектептерінің түлектері тапсыратын қорытынды емтихан материалдарын сату мен алдын-ала тарату бойынша жалған ақпараттың пайда болғанын жазған едім. Бүгінге дейін мәселені жан-жақты зерттедік. Жүргізілген қызметтік тексеріс шаралары оқушыларымыздың бірінің тапсырмаларды өз бетінше әзірлегені, ал басқа оқушылар оны нақты емтихан материалдары ретінде таратқаны белгілі болды. Бұл біздің мектептердің академиялық адалдығы мен ішкі ережелерін қатаң бұзу болып саналады,- деп жазды Әнуар Жанғозин.

Назарбаев Зияткерлік мектептеріне түсу кезінде оқушылар мен олардың заңды өкілдері міндетті түрде  ішкі тәртіп Ережелерімен және академиялық адалдық қағидасымен танысып, келісімшартқа қол қояды. Оқу барысында мектептердің ішкі саясатын сақтаудың маңыздылығы туралы үнемі түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Академиялық адалдықты сақтау біз үшін іргелі қағидалардың бірі болып табылады. Жоғары академиялық принциптерді қатаң сақтаудың арқасында NIS бренді өзін ұлттық деңгейде ғана емес, сонымен қатар халықаралық деңгейде де орта білім берудің көшбасшысы ретінде көрсетті. Бұл University of Cambridge, Council of International Schools, СITO және басқа да айтулы  білім беру ұйымдарымен ынтымақтастықтың негізгі шарттарының бірі болып табылады. Анықталған бұзушылықтарға сәйкес осындай келеңсіздікті туындатқан оқушыларға емтихандарды қайта тапсыру құқығынсыз емтихан нәтижелерін жою туралы шешім қабылданды. Бұл оқушылар қорытынды емтихандар аясында ҰБТ сертификатын алу мүмкіндігінен айырылады. Материалдарды таратуға қатысқан қалған оқушыларға да тәртіптік жаза қолданылды,- деді Әнуар Жанғозин.

Барлық жаңалықтар