00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

ЕҰУ студенттеріне атаулы стипендиялар табысталды

09.10.2023 | 06:30
46
Фото: дереккөз

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде атаулы студенттік стипендияны алуға арналған байқау қорытындысы шықты, деп хабарлады Elorda.info

Жеңімпаздар «Цифрлық Ұлытау» тақырыбында ғылыми эссе жазу нәтижесі бойынша анықталды. 

Атаулы стипендиялар байқауына Ұлытау облысынан келген ЕҰУ-дің 1-курс студенттері қатысты. Байқауға 70-ке жуық үміткер «Цифрлық Ұлытау» тақырыбында өз жұмыстарын жолдады. 

Стипендияны Ұлытау облысының меценаттары белгілі қоғам қайраткерлері Камал Смайыловтың, Ғибадулла Жәкеновтің және Әжібек Сейіловтің есімдерімен тағайындады. Байқау нәтижесі бойынша Ақпараттық технологиялар факультетінің студенті Дінмұхаммет Мұқатаев, Журналистика және саясаттану факультетінің студенті Ақбота Есенқабыл, Тарих факультетінің студенті Ерасыл Совет стипендия иегерлері атанды. 

«Меценаттар біздің дарынды жастарға қолдау көрсететіні қуантады. Біз бұл стипендиялардың иегерлері өздерінің жобаларын жүзеге асырып, ЕҰУ оқуды тәмамдағаннан кейін туған өлкенің дамуына үлкен үлес қосады деп сенеміз», - деді Л.Гумилев атындағы ЕҰУ Академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Серік Мақыш.

Барлық жаңалықтар