00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Докторантураға түсу емтихандары басталды

28.11.2023 | 06:00
77

Бүгіннен бастап докторантураға түсу емтихандары басталды, деп хабарлады Elorda.info

Емтиханды тапсыруға өтініш қабылдау 25 қазан мен 10 қараша аралығында ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында жүзеге асырылды.

Докторантураға түсу емтихандарына 1 060 адам қатысады. Емтихан бүгін басталып, 2 желтоқсанға дейін жалғасады.

Түсу емтиханына эссе жазу, докторантураға дайындық тесті және білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан кіреді. Жалпы, түсу емтиханының ең жоғары көрсеткіші 100 балл, оның ішінде әңгімелесу – 20 балл, эссе – 10 балл, докторантурада оқуға дайындығын анықтауға арналған тест – 30 балл, бейіні бойынша емтихан сұрақтары – 40 балды құрайды. Ал мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша конкурсқа қатысу үшін және ақылы негізде докторантураға түсу үшін шекті балл 75 балды құрайды, - деп атап өтті Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

Атап өтсек, 2022 жылдан бастап докторантураға түсу үшін шет тілін меңгергендігі туралы сертификаттан бөлек, ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгергенді растайтын сертификатты ұсыну қажет.

Түсу емтиханының нәтижелері оны өткізгеннен кейін келесі күні жарияланады. Түсушілер түсу емтиханының нәтижелерімен жеке кабинетінде таныса алады.

Болашақ докторанттар үшін 700 - ден астам грант бөлінген. 

Барлық жаңалықтар