00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Дархан Жазықбай Еуразия ұлттық университетінің студенттерімен кездесті

10.11.2023 | 08:30
50
Фото: Elorda.info

Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттерімен кездесті, деп хабарлады Elorda.info.

Кездесу барысында МҚІА төрағасы елімізде жүргізіліп жатқан реформаларды жүзеге асыруда жастардың маңызды рөлі туралы айтып, бүгінде мемлекеттік аппаратқа креативті және еңбекқор жастар қажет екендігін атап өтті.   

тортор.jpg

Дархан Жазықбай студенттерге Агенттікпен мемлекеттік қызметті дамыту бағытында іске асырылып жатқан шаралар, оның ішінде іріктеуді цифрландыру және жастар үшін мемлекеттік қызметке кіру мүмкіндіктері туралы айтты. Ағымдағы жылдан бастап «ҚР мемлекеттік қызметі туралы» Заңға енгізілген соңғы өзгерістерге сәйкес жоғары оқу орындарын GPA 3,33-тен төмен емес көрсеткішпен бітірген 78 түлек аудандық және ауылдық округтерде конкурссыз төменгі лауазымдарға тағайындалды, оның ішінде 7 жас маман ЕҰУ-ның түлегі. Агенттік үміткерлерге онлайн және 24/7 режимінде конкурсқа қатысуға мүмкіндік беретін «Е-қызмет» жүйесі базасында мемлекеттік қызметке іріктеу процесін толық цифрландыру бойынша жұмыс жүргізуде.

«Біздің міндет – сапалы кадрларды тауып, мемлекеттік аппаратқа тартып, іріктеп алу арқылы кәсіби мемлекеттік қызметшілердің жаңа легін қалыптастыру. Болашақта сіздерге де осы қатардан көрінуге мүмкіндік бар», – деді МҚІА төрағасы.

сурак.jpg

Дархан Жазықбай Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу мәселелеріне тоқталып, өткен жылдардағы тәжірибе жастар арасында жобаның жоғары танымалдылығын көрсеткендігін атап өтті. Ол өңірлердегі жастар үшін тиімді әлеуметтік лифт болуға бағытталған Өңірлік жастар кадр резервтерін құру туралы жоспарларымен бөлісті.

МҚІА төрағасы кездесуге қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, қызықтырған мәселелерді талқылады, сондай-ақ болашағын мемлекеттік қызметпен байланыстырғысы келетін жастарға жеке мүдделерді емес, қоғамдық игілікті ойлау қажеттілігіне назар аударды.

«Орталарыңызда болашақта мемлекеттік қызметке келемін деген жастар болса, менің сіздерге айтарым – басты мақсат – үлкен бастық болу емес, ел игілігі үшін қызмет ету болуы керек. Мақсат жеке мансаптық амбицияларға емес, ең алдымен қоғамдық мүдделерге негізделуі керек», – деді Дархан Жазықбай.

Кездесу соңында Агенттік төрағасы Жас мемлекеттік қызметшілер мектебінің қатысушыларына, сондай-ақ мемлекеттік қызмет саласындағы жобаларды іске асыруға белсенді қатысқан тұлғаларға алғысхаттар табыстады.

Барлық жаңалықтар