00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Бірінші сыныпқа барушылардың 70 пайыздан астамы қазақ тілінде оқығысы келеді

24.07.2023 | 15:00
45
Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

1 сыныпқа құжат қабылдау 1 сәуірден басталып, осы уақытқа дейін 350 453 өтініш түсті, деп хабарлады Elorda.info.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, балалардың 71,2%-ы қазақ тілінде оқытатын мектептерді таңдаған. Ал алдын ала жүргізілген болжам бойынша, жаңа оқу жылында 410 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады деп күтілуде.

Сондай-ақ, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің орта білім комитеті 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау бір аптадан соң, яғни 1 тамызында аяқталатынын ескертіп отыр. Ал өтініш беріп үлгермегендер құжаттарды Еgov.kz электронды үкімет веб-порталы және жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері арқылы тапсыра алады. 

Бірінші сыныпқа балалар 6 жастан бастап қабылданады. Ол үшін олардың ата-анасының немесе баланың заңды өкілінің өтініші негіз болады. Өтінішке баланың денсаулық жағдайы туралы құжаттар (026/у-3 нысаны және 065/у) мен 3х4 өлшемді 2 фотосурет қоса беріледі.

Барлық жаңалықтар