00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Баланы балабақшаға орналастыру жеңілдетіледі

08.11.2023 | 04:30
39
Фото: ашық дереккөз

Мектепке дейінгі ұйымдарда орындарды бөлу кезінде сыбайлас жемқорлық құрамдастарын жою мақсатында жолдама берудің, кезектілік пен есепке алудың бірыңғай базасы әзірленді. Бұл туралы Оқу-ағарту вице-министрі Айбат Ілиясов мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

Мектепке дейінгі ұйымдардан орын алу айтарлықтай жеңілдетіледі. Вице-министрдің айтуынша, жаңа үлгі әр отбасының қажеттіліктеріне қарай төрт балабақшаға дейін таңдауына мүмкіндік береді. Орындарды бөлудің ашықтығын қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында SMS-хабарламалар жолдау қарастырылған.

Жеңілдігі бар екенін растау үшін қағаз түріндегі анықтамалар жинаудың қажеті жоқ. Бұл мәліметтер мемлекеттік деректер базасынан автоматты түрде алынады. Балабақшаны таңдағаннан кейін кезек нөмірі беріледі және ол туралы ата-анаға хабарлама жіберіледі. Сондай-ақ отбасында екі баладан көп бала болған жағдайда, оларды бір балабақшаға беру мүмкіндігі қарастырылған, - деді вице-министр.

Балабақша және бос орын туралы ақпарат алу кезектіліктің бірыңғай базасы аясында электронды үкіметтің порталындағы картада орналастырылады. Ата-ана картадан өз үйіне, жұмысына жақын орналасқан балабақшаны таңдай алады.

Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін өтініш берудің бірнеше тәсілі қарастырылған: электронды үкімет порталы, екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары, жергілікті атқарушы органдардың платформалары.

Қазіргі уақытта пилотты жоба Шахтинск және Петропавл қалаларында іске қосылуда. Ол аяқталғаннан кейін кезектіліктің бірыңғай базасы ел аумағында толықтай қолжетімді болады.

Барлық жаңалықтар