00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Балабақшаларда биыл 30 мың орын ашылды

15.08.2023 | 05:00
40
Фото: gov.kz

Жыл басынан бері елімізде 30 мың орындық 308 мектепке дейінгі ұйым ашылды, деп хабарлады Elorda.info.

Соңғы 5 жылда балабақшаға жолдама алу кезегі екі есеге қысқарды. 2025 жылға дейін 2-3 жас аралығындағы балалар үшін тағы 223 мың орын ашу жоспарлануда.

Жалпы, елімізде 11 320 мектепке дейінгі ұйым бар. Онда 948 362 бала білім мен тәрбие алуда. Бұл елдегі жалпы бала санының 89,1 пайызы.

Айта кетейік, соңғы төрт жылда білім беру қызметкерлерінің жалақысы кезең-кезеңімен 25 пайызға өсті. 2023 жылдың қыркүйегінде жалақы тағы 30%-ға өседі.

Барлық жаңалықтар