00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Байқоңыр ауданында ұзаққа созылған мектеп құрылысы көктемде аяқталады

29.01.2024 | 09:15
31
Фото: Ж.Қасымбектің Instagram парақшасынан

«Кирпичный» елді мекеніндегі 1966 жылы салынған жалғыз мектеп (Байқоңыр ауданы, Қамысты көшесі, 7) болатын. Оқу орны апатты жағдайда болғандықтан, 2021 жылы демонтаждала бастады.

bd7f0939-15ac-49ad-be71-e57a1930d1ba.jpg

Жаңа мектептің құрылысы баяу қарқынмен жүріп жатты, тіпті бір уақыттары тоқтап та қалды. Ал оқушылар осы жылдары басқа мектепке баруға мәжбүр болды. Біз «Кирпичный» елді мекеніндегі мектептің құрылысын жандандырдық, барлық проблемасы шешілді. Оның құрылысын биыл көктемде аяқтауды жоспарлап отырмыз. Осылайша, «Кирпичный» елді мекенінде жайлы мектеп болады.

Қазіргі оқу жылында біз 11 мектепті пайдалануға бердік. Ал оқу жылының соңына дейін тағы 4 мектеп ашамыз. Олар Қарасай батыр мен Бұланты көшелерінде, Қамысты көшесі, 7 мекенжайында орналасады, сол сияқты Қабанбай батыр даңғылы, 9/1, Таха Хусейн көшесі 5/1 мекенжайларында жаңа ғимараттар бой көтереді, - деді Ж.Қасымбек.

Елорда әкімі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қалада «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы іске асырылатындығын атап өтті. 

Жоба аясында 2024-2025 жылдар аралығында 90 мыңға жуық оқушы орнына (2 ауысымды) арналған жаңа форматтағы 24 мектеп саламыз. Олардың 15-і қарқынды дамып келе жатқан Есіл мен Нұра аудандарында орналасатын болады.

2027-2028 жылдарға дейін бас-аяғы 200 мыңға жуық оқушы орнына (2 ауысымды) арналған 80-нен аса мектеп салуды жоспарлап отырмыз, - деді ол.

1c90bc1e-2684-4442-aa08-75981e94f252.jpg

Барлық жаңалықтар