00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Бүгін «Білім туралы» Заңның жаңа редакциясы күшіне енеді

01.09.2023 | 02:30
60
фото: ашық дереккөз

Бүгіннен бастап жоғары оқу орындарының барлық студентін жатақханамен қамтамасыз етуді көздейтін «Білім туралы» Заңның жаңа редакциясы күшіне енеді, деп хабарлады Elorda.info

Соған сәйкес, ахуалдық және дағдарыс орталықтарының міндеті студенттерге баспана табуда қажетті көмек көрсету болып отыр. 

Сонымен қатар әрбір университетте студенттерді жатақханамен қамтудың және жатақханаға орналастырудың бекітілген алгоритмі бар. Бұл алгоритм туралы толық ақпарат университеттердің ресми сайттары мен әлеуметтік желілерінде берілген. Бұған әр университеттің ректоры тікелей жауапты болады,- делінген заңның жаңа редакциясында. .

Осы өзгеріске сай Ғылым және жоғары білім министрлігі университеттер заңда көрсетілген  өз міндеттерін орындамаған жағдайда, оларға қатысты тиісті шара қабылдайтын болады.

Барлық жаңалықтар