00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Қазақ сыныбына баратындардың саны артып жатыр – Астана әкімі

22.12.2023 | 07:49
47
Фото: Сұлтан Сейіт

Елордада жыл сайын қазақ сыныбына баратындардың қатары артып жатыр. Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Брифинг кезінде  БАҚ өкілі әкімге "Астаналық ата-аналардың балаларын қазақ сыныбына көптеп беру үшін акция ұйымдастыру керек шығар?", - деген сауал қойды.

Бұл бойынша жауапты басқарма жұмысын атқарып отыр. Оң динамика бар, - деп жауап берді әкім. 

Елордада биыл 7 мектеп пайдалануға берілді. Әкімнің айтуынша, тағы 5 мектептің құрылысы аяқталуға жақын. 

2028 жылға дейін 2 ауысымда 200 мыңға жуық оқушы орнына арналған 80-нен астам мектеп салуды жоспарлап отырмыз, - деді Ж.Қасымбек.

Сабина КӘКІМЖАН

Барлық жаңалықтар