00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадада төрт медаль жеңіп алды

19.06.2023 | 17:30
56
фото: Оқу-ағарту министрлігінен

Өзбекстан Республикасының Хиуа қаласында Әбу Райхан әл-Бируни атындағы химия пәнінен халықаралық олимпиада өтті. Оған әлемнің үш континентінің 16 елінен 130 жас ғалым қатысты, деп хабарлады Elorda.info Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Қазақстан ұлттық командасының құрамына химия пәнінен халықаралық Менделеев олимпиадасының төрт жүлдегері енген болатын. 

Төртеуі де әл-Бируни атындағы олимпиада жүлдегері атанды. 

Олар:

Әділжан Молдағұлов - Маңғыстау облысының «Білім-инновация» лицей-интернатының 10 сынып оқушысы; 

Диас Қоршыбек - Жамбыл облысының дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 10 сынып оқушысы;

Әлихан Смет - Астана қаласының дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы;

Инсар Имаш — Алматы қаласындағы Haileybury Almaty мектебінің 11 сынып оқушысы. 

Айта кетейік, Әбу Райхан әль-Бируни атындағы халықаралық олимпиада Өзбекстанда алғаш рет ұйымдастырылды. Олимпиада екі кезең бойынша өтті, қатысушылардың білімі мен әлеуеті жазбаша және практикалық зертханалық жұмыстармен бағаланды.

Барлық жаңалықтар