00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Қазақстанда әр мұғалімге 455 оқушыдан келеді

22.05.2023 | 22:00
40
фото: ашық дереккөз

Қазақстанда мектеп оушыларының саны жыл өткен сайын артып келеді. Алайда балаларға білім беретін мұғалімдер саны әлі де жеткізіліксіз, деп хабарлады Elorda.info.

Data HUB мәліметінше, былтырғы оқу жылында қазақстандық мектептерде 369,7 мың мұғалім жұмыс істеген. Ал мектеп оқушыларының саны 3,6 млн-ға жетті.

Соңғы үш жылда оқушылар саны 13 пайызға өсті, - дейді сарапшылар.

Бұл көрсеткіш өз кезегінде мұғалім санының жеткізілксіздігі мәселесін туғызған. 

2000-2001 оқу жылында бір мұғалімге 127 баладан, 2015-2016 оқу жылдарында 195 баладан келген. Ал 2021-2022 оқу жылында бір мұғалімге 455 баладан келген!- дейді сарапшылар.

Бұған 6 жыл ішінде мектеп оқушылары санының 800 мыңға артқаны себеп болып отыр.

Ал осы уақыт ішінде елімізде небәрі 49 мектеп салынды, - делінген зерттеуде.

Барлық жаңалықтар