00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Қазақстанда биыл 13 жаңа балабақша ашылды

16.02.2024 | 08:58
68

Биыл еліміздің аймақтарында 1 500 орынға арналған 13 жаңа мектепке дейінгі ұйым ашылған. Бұл көрсеткішті жыл соңына дейін жаңа балабақшалар ашу және оның желісін кеңейту арқылы 77 мыңға жуық орынға дейін жеткізу жоспарлануда.

Соңғы бес жылда балабақшаға жолдама алу үшін кезекте тұрғандар саны екі есеге қысқарды. Бүгінде 2-6 жас аралығындағы балаларды қамту 91 пайызды құрады. Биыл бұл көрсеткішті 92,5 пайызға жеткізуді жоспарлап отырмыз, - дейді департамент директоры Манар Адамова.

Айта кетейік, елімізде барлығы 1 миллионға жуық баланы қамтитын 11 346 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді.

Барлық жаңалықтар