00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Қазақстанда алты шетелдік жоғары оқу орнының филиалы ашылады

05.06.2023 | 19:30
41
Фото: ашық дереккөз

Елімізде алты шетелдік оқу орны филиалы ашылатыны туралы CEENQA Бас Ассамблеясының халықаралық форумында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлады Elorda.info Nege.kz сайтына сілтеме жасап. 

-Қазірдің өзінде елімізде онға жуық филиал жұмыс істейді. Рейтингтегі ең танымалы Ақтөбедегі ең көне Шотландия технологиялық университеті Heriot-Watt. 21-і күні Ақтаудағы неміс инженерлік институтының ашылуына бармақпыз. Өскемендегі Шығыс Қазақстан техникалық университетінің базасында Тяньцзинь университеті ашылды. Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетімен серіктестікте жаңа бағдарлама Таразда, одан бөлек, Алматыда Ташкент ирригация инженерлері институтының филиалы ашылды, - деді Саясат Нұрбек.

Сондай-ақ ол «Аризона университеті ашылды. Жақында Мемлекет басшысы Атыраудағы Мәскеу инженерлік-физикалық институты мен Британдық Де Монфорт университетінде болды. Бұл бізге не береді? Біз Қазақстанға ірі халықаралық агенттіктерді шақыра отырып, сапа стандарттарын жаңадан құруымыз керек», - деп қосты министр өз баяндамасында. 

Барлық жаңалықтар