00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Астанада мемлекеттік балабақшалар құрылысына 11 жер телімі белгіленді

16.11.2023 | 10:15
45
Фото: ашық дереккөз

Астанада алдағы уақытта қаланың 5 ауданында 60 мемлекеттік балабақша ашылады, деп хабарлады Elorda.info

Балабақшалар құрылысына қазіргі уақытта 11 жер телімі белгіленіп, жобалау жұмыстарына дайындық жұмыстары  қарастырылып жатыр. Жобалау жұмыстарына дайындық жүріп жатқандықтан әзірге құрылысты жүргізетін мердігер компания анықталған жоқ, - деп мәлімдеді қалалық Білім басқармасының баспасөз қызметі.

Сонымен қатар басқарма қазіргі уақытта мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында инвесторларды тарту арқылы балабақша мәселесі шешілуде екенін айтып кетті.  

Осы бастама негізінде 2023-2027 жылдары мектепке дейінгі білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша орналастырылатын 4200 орындық 17 жекеменшік балабақшаны пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Барлық жаңалықтар