00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Қарағандылық оқушылар «Жас сарбаз» қозғалысының қатарына қосылды

19.11.2023 | 10:30
40
Фото: дереккөз

«Жас сарбаз» сыныбына қабылданған оқушылар адал, жауапты әрі тәртіпті болуға, жақсы оқып, мектептің абыройын асқақтатуға салтанатты түрде ант берді, деп хабарлады Elorda.info.

Іс-шараға «Астана» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері, Қарағанды облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті мен әкімдігінің өкілдері, Қарулы күштер ардагерлері, сондай-ақ жас патриоттардың мұғалімдері мен ата-аналары қатысты.

Куәлік алғаныма қатты қуанып тұрмын. «Жас сарбаз» қозғалысының қатарына кіру мен үшін маңызды оқиға. Бұл мені әскери адам болсам деген арманыма бір қадам жақындатты, –  дейді Нұркен Әбдіров атындағы мектептің 5-сынып оқушысы Серік Арғынғазы. 

Айта кетейік, «Жас сарбаз» балалар мен жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының құрылғанына бес жыл толды. Бүгінде Қарағанды облысының барлық мектептерінде «Жас сарбаз» мамандандырылған сыныптары ашылған. Онда екі мыңнан астам оқушы оқиды. Ал еліміз бойынша барлығы 280 мыңнан астам жассарбазшы тіркелген.

Онда балалар өздерінің зияткерлік және күш-қуат тұрғысынан дамуына қажетті негізгі және қосымша білім алады.

Бастауыш мектепті бітіргеннен кейін мамандандырылған сыныптарға түсу үшін жақсы оқу үлгерімі, медициналық қорытындымен расталған дене дайындығы және денсаулығының тиісті деңгейі болуы керек.

Барлық жаңалықтар