00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Алматы қаласы және екі облыста оқулық жетпей қалуы мүмкін

21.07.2023 | 11:30
51
Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Алматы қаласы, Түркістан, Алматы облыстарында білім басқармалары баспалармен әлі келісімшарт жасамаған, деп хабарлады Elorda.info.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бұл күнге дейін  14 өңір баспалармен келісімшарт жасаған. Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Атырау облыстарында келісімшарт жұмысы енді аяқталса, Алматы қаласы, Түркістан, Алматы облыстарында баспалармен әлі келісімшарт жасалмаған. Демек, бұл өңірлерде оқулық жетіспеушілігі болуы мүмкін. 

Уақыттың тығыздығына байланысты Оқу-ағарту министрлігі барлық өңірлердегі білім беру басқармаларына жұмысты жеделдетуді тапсырды. Ал көрсеткіші төмен облыстарға олқылықтарды шұғыл жоюға пәрмен берілді. 

Айта кетейік, жаңа оқу жылының басталуына бір айдай уақыт қалды. Ал, аталған үш өңірдегі білім беру ұйымдары асықпай әрекет етуде. Оның салдары осы үш аймақта қыркүйекте оқулықтар жетіспеушілігіне соқтыруы мүмкін.   

Барлық жаңалықтар