00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Польшада тегін оқуға өтінімдерді қабылдау басталды

01.04.2023 | 01:02
Елорда ақпарат
40

Қазақстандықтар үкіметаралық гранттар аясында Польшада тегін білім алады. Еліміздің 11 азаматы Польшаның жетекші жоғары оқу орындарында бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқи алады, деп хабарлады Elorda.info.

Польшада тегін оқуға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттар осы жылғы 14 сәуірге дейін Egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы қабылданады. Грант академиялық оқу шығындарын өтейді, докторанттарға ай сайын стипендия төленеді. 

Үміткер тіркеуден өткен кезде оқу бағдарламасын және мамандықты таңдайды. Оқыту поляк немесе ағылшын тілдерінде өтеді. Поляк тілін меңгермеген үміткерлер үшін тегін тілдік дайындықтан өту мүмкіндігі қарастырылған. Жалпы, Қазақстан азаматтары үшін үкіметаралық келісімдер шеңберінде Еуропа мен Азияның 10 елінде тегін академиялық білім алуға 500-ге жуық грант жыл сайын ұсынылып отырады, - деп хабарлады «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Олжас Сәкенов.  

Гранттар туралы толығырақ ақпарат «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ сайтында жарияланған. 

Естеріңізге сала кетейік, үкіметаралық гранттар аясында қазақстандықтар тегін оқи алатын елдер саны 7-ден 10-ға дейін артты. Өткен жылы бұл тізім Вьетнам, Словакия және Әзірбайжан елдерімен толықты.

Барлық жаңалықтар