00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Педагогтерге арналған байқау сынақтарының базасы жаңарды

01.04.2023 | 01:01
Елорда ақпарат
32

Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы педагогтерге арналған тегін байқау сынақтарының базасын жаңартты, деп хабарлады Elorda.info.

Тестілеу онлайн форматта орталықтың сайтында жүзеге асырылады.

Байқау сынағы педагогтердің білімін бағалауға дайындалуға көмек ретінде әзірленді. Ұстаздарға ҰТО сайтында мына сілтеме бойынша тегін онлайн тестілеуден өту мүмкіндігі беріледі. Ол үшін тек ЖСН теріп, тест түрін таңдап, байқау сынағына кірісу керек.

Педагогтерге арналған педагогтердің білімін бағалаудың жаңа форматына сәйкес тестілеу екі блоктан және 50 тест тапсырмасынан тұрады: бірінші блок «Пәндік білім» – 30 тапсырма, екінші блок «Оқыту әдістемесі» – 20 тапсырма. Осыған байланысты біз байқау сынақтарының базасын жаңарттық. Байқау сынақтарының көмегімен педагогтер өздерінің дайындығын жақсартып, тестілеудің жаңа форматымен таныса алады, – деп атап өтті ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

Сонымен қатар педагогтердің білімін бағалауға дайындалу мақсатында ұстаздар ҰТО сайтының «Педагогтерге» бөлімінде тест тапсырмаларының спецификациясымен таныса алады. Сондай-ақ, сайтта тестілеудің сұрақтары ұсынылған әдебиеттердің тізімі жарияланды.

Айта кетейік, 27 наурызда 3-22 сәуір аралығында өтетін педагогтердің білімін бағалауға өтініштер қабылдау басталды. Тестілеуге тіркелу ҰТО-ның сайтында онлайн жүзеге асырылады.

Барлық жаңалықтар