00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Бүгін елордада ерекше форматтағы педагогикалық кеңес өтті

01.04.2023 | 00:59
Сабина Кәкімжан
53

Бүгін елордада «Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы» атты педагогикалық кеңес өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Кеңеске қалалық әкімдік өкілдері, білім беру ұйымдарының басшылары, ұстаздар және ата-аналар қатысты.

Ал спикер ретінде «Әкелер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мақсұтбек Айтмағанбет, көшбасшылық және мотивация бойынша жаттықтырушы, «Жаңа ұрпақ» республикалық көшбасшылық мектебінің негізін қалаушы Асхат Абжанов, «Қоғамның жаңаруы» қоғамдық бірлестігінің басшысы Владимир Евдокимов,, «Білім-Инновация» халықаралық қоғамдық қорының тәрбие бөлімінің басшысы Самат Смақов, Қ.Сәтбаев атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейінің директоры Құралай Байтажикова сөз алып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Олар ата-ана мен бала, ұстаз бен оқушы арасындағы қарым-қатынас тақырыбында ой өрбітті.

Мұндай форматтағы педагогикалық кеңес Астанада алғаш рет өтіп отыр.

Бұл  – жаңа жоба. Өздеріңіз байқағандай, еркін форматта өтеді. Педагогикалық кеңесте ұстаздар тек атқарылған жұмыстар бойынша есепті тыңдамау қажет. Спикерлерді де арнайы іріктеп алдық. Олар білім беру ұйымдарының өкілдеріне мотивациялық  әрі тәрбиелік тұрғыда бала тәрбиесіне қатысты маңызды ақпараттарымен бөлісті. Бәрімізге белгілі, балаға әуелі тәрбие беру керек. Одан кейін білім беру қажет. Бүгін 200-ден астам ата-ана, 600-ден астам сынып жетекшісі, 200-ден астам білім беру ұйымдарының басшысы, 200-ден астам мектеп директорының орынбасары және мектеп психологтары мен  әлеуметтік педагогтар қатысты, - деді Астана қаласы Әдістемелік орталығының басшысы Сындар Дәуешова.

Барлық жаңалықтар