00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Мыңнан астам мектеп полицияның Жедел басқару орталықтарына қосылмаған – Смайылов

01.04.2023 | 00:02
Сабина Кәкімжан
29

Еліміздегі 1 100-ге жуық мектеп полицияның Жедел басқару орталықтарына қосылмаған. Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Бейнебақылау орнатылған мектептердің арасында камералары стандарттар мен техникалық талаптарға сәйкес келмейтін мектептер де бар. Бақылау режимі қатаң сақталмайды. Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы мектептерде лицензияланған күзет қызметтерімен келісімдер жасалмаған. Күзетке көбінесе арнайы даярлықтан өтпеген адамдар тартылады. Мектептерде оқу процесін цифрландыру бойынша да ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Оқушыларды электрондық оқулықтармен қамтамасыз ету қажет, - деді Үкімет басшысы.

Сондай-ақ ол Үкімет отырысында бірнеше мәселені атап өтті.

Біріншіден, өңір әкімдіктері осы жылдың 1 сәуіріне дейін мектептерді тиісті қауіпсіздік жүйелерімен жабдықтау жұмыстарын аяқтауы қажет. Бұл полицияның жедел басқару орталықтарына шығатын бейнебақылауға, мамандандырылған күзетпен және дабыл кнопкаларымен қамтамасыз етуге қатысты. Екіншіден, Оқу-ағарту министрлігі  мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, 3 күн мерзімде Үкіметке Балаларды қорғау жөніндегі кешенді жоспардың пысықталған жобасын енгізсін. Онда уәкілетті органдардың ведомствоаралық өзара іс-қимыл алгоритмін жетілдіру жөніндегі шаралар да қамтылуы тиіс.

Үшіншіден, Оқу-ағарту, Ішкі істер, Төтенше жағдайлар министрліктері білім беру ұйымдарында қауіпсіздік талаптарының қатаң сақталуына сапалы мониторинг жүргізуі керек.

Төртіншіден, Оқу-ағарту, Цифрлық даму министрліктері мен әкімдіктер 15 наурызға дейін Оқу процесін цифрландыру жөніндегі Жол картасын қабылдасын.

Онда оқу материалдарын цифрлық форматқа көшіру, мектептерді интерактивті жабдықтармен қамтамасыз ету, заманауи білім беру технологияларын енгізу жөніндегі  шаралар көзделуі тиіс.

Бесіншіден, Цифрлық даму министрлігі өңір әкімдіктерімен бірлесіп, мектептердегі интернет жылдамдығын арттыру, мектептерді талшықты-оптикалық, жергілікті  және сымсыз желілермен қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауы қажет.

Өңір әкімдері оқу орындарының қауіпсіздігі мен білім беру саласын цифрландыру мәселелерін жеке бақылауда ұстауы қажет, - деді Әлихан Смайлов.

Барлық жаңалықтар