00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Астанада жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 860 бала бар

31.03.2023 | 23:13
Сабина Кәкімжан
24

Қазіргі таңда елордада жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 860 бала бар. Бұл туралы бүгін Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Бүгінде елордада жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың саны 860 баланы құрайды (170 бала – ұйымдарда, 690 бала патронаттық отбасында тәрбиеленуде). «Ана үйі» қайырымдылық қорының қолдауымен 2018 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «Үйдегідей» жобасы. Жобаны жүзеге асыру барысында 59 бала туған отбасында қалды. Балалар жылы аясында іске қосылған тағы бір жоба – «Психологиялық қолдау қызметі». Жұмыс барысында 205 отбасы заңгерлерден, әлеуметтік қызметкерлерден, психологтардан кеңес алды, – деді басқарма басшысы.

Барлық жаңалықтар