00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Оқу-ағарту министрі әдістемелік орталық басшыларымен кездесті

31.03.2023 | 22:09
Елорда ақпарат
30

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев әдістемелік орталықтардың басшыларымен кездесу өткізді, деп хабарлады Elorda.info.

Кездесуде ведомство басшысы тараптардың ұсыныстары мен Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы президентінің баяндамасын тыңдады.

Қазақстанда 3 мыңға жуық әдіскер бар. Олардың көпшілігі 2022 жылы академияның білім беру саласындағы өзекті мәселелерін талқылау және оларды шешу жолдарын әзірлеу бойынша 50-ден астам іс-шараға қатысты.

Жиын қорытындысы бойынша Оқу-ағарту министрі бірқатар тапсырма берді. Атап айтқанда, олар педагогтер арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтуге және әдістемелік орталықтар бойынша үлгілік ережені әзірлеуге қатысты болды.

Барлық жаңалықтар