00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Оқушылар Бакуде өткен SAF-2022 роботехника фестивалінде 7 кубок жеңіп алды

31.03.2023 | 21:31
Елорда ақпарат
24

Қазақстандық оқушылар Бакуде өткен SAF-2022 роботехника фестивалінде 7 кубок жеңіп алды. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлады Elorda.info.

Сүйінші! Бакуде өткен SAF-2022 робототехника фестивалінде қазақстандық оқушылар жеңіс тұғырынан көрінді. Ауқымды фестивальге–350 команда, 1300 қатысушы, 8 мемлекет (Әзірбайжан, Түрікменстан, Эстония, Швеция, Ұлыбритания, Өзбекстан, Түркия) қатысты. Қазақстандықтар түрлі марапаттар мен жүлделі орындарға ие болды.Халықаралық бақылаушылар командалардың өнер көрсету деңгейін жоғары бағалады. Отандастарымыз Vex Robotics Competition саласы бойынша өткен бәсекеде басымдық танытып, негізгі 7 кубокты жеңіп алды, - деп жазды министр.

Министрдің жазуынша, жасөспірімдер санатында 1729X NEW EMPIRE командасы бірлескен жарыста 2-ші орынды, ал, жеке дара сайыста 3-ші орынды иеленді. Ал, 1729K LSF қазақстандық жасөспірімдер тобы командалық жұмыста 3-ші орынға, сондай-ақ жеке дара жарыста 2-ші орынға тұрақтады.

Жарыстың шешуші кезеңдеріне 3 команда қатысып, барлығы да мәреге шықты. Жоғары сынып оқушылары командалық және жеке санаттағы бәсекеде бірінші орынға ие болды.

Айта кетсек, Сәтбаев атындағы университет студенттерге техникалық қолдау көрсетті, оқушылардың жол жүру шығындары қатысушылардың отбасылары есебінен өтелді.

Оқушыларымыздың осындай жетістікnері баршамызға қуаныш сыйлайды. Оларды шын жүректен жеңістерімен құттықтаймын! Келешекте дарынды жастар білімдері мен шеберліктерін шыңдап, еліміздің игілігі үшін еңбек ететініне сенімдімін, - деді Бағдат Мусин.

Барлық жаңалықтар