00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

178 қазақстандық «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды

31.03.2023 | 21:28
Елорда ақпарат
34

Республикалық комиссия шешімімен осы жылдың үшінші легінде стипендия 178 адамға тағайындалды. Оның ішінде 78 адам әлемнің үздік жоғары оқу орындарының магистратурасына, 6 адам докторантурасына түсті. 110 стипендиат «Тағылымдама» бағдарламасы бойынша біліктілігін арттырады, деп хабарлады Elorda.info.

«Болашақ» стипендиясының иегерлері әлемнің 20 мемлекетінде академиялық білім алады және тағылымдамадан өтеді. 93 адам АҚШ-тың, 47 адам Ұлыбританияның және т.б. елдердің жоғары оқу орындарында білім алады.

Биыл Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында «Болашақ» бағдарламасын қайта бағдарлау процесі іске қосылды. Басымдық инженерлік-техникалық кадрларды даярлауға беріледі.

2022 жылы стипендиаттардың басым көпшілігі инженерлік-техникалық бағыттар бойынша шетелде дайындықтан өтеді.

«Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің тізімі Халықаралық бағдарламалар орталығының сайтында жарияланған. 

Барлық жаңалықтар