00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Оқушылар үшін 50 сауықтыру лагері құрылады – министр

31.03.2023 | 21:04
Елорда ақпарат
31

Елімізде оқушылар үшін 50 сауықтыру лагері құрылады. Бұл туралы Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасында балалардың әл-ауқаты мен білім мәселелеріне ерекше назар аударылған.

Оқушылар үшін 50 сауықтыру лагері құрылады. Олардың әдістемелік және мазмұндық жағы да қарастырылады.Балаларды үйірмелермен және секциялармен қамтамасыз ету үшін бұрын соңды болмаған шаралар көзделген. Кемінде 100 жаңа ірі нысан, яғни оқушылар сарайларын, жас техниктер стансаларын, балалар технопарктерін, музыка және өнер мектептерін салу жоспарланып отыр. Бұл мектептен тыс ұйымдардың балалардың тұратын жерінен қадамдық қолжетімділігін қамтамасыз етеді, - деді министр.

Сонымен қоса, министрдің айтуынша, орта білім бойынша қажетті оқу материалдарын цифрлы форматқа көшіру арқылы пәндерді оқытудың инновациялық тәсілдері енгізіледі.Экологиялық білім беру сапасын арттыру тәсілдерін қайта қарау жоспарда бар.

Барлық жаңалықтар