00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

«Astana Polytechnic» жоғары колледжінде инновациялық оқу зертханасы ашылды

31.03.2023 | 21:03
Елорда ақпарат
17

«Astana Polytechnic» жоғары колледжінде «Ақпараттық кабельдік желілер» және «Электроника» бойынша WSK құзыреттілік орталығында «Электроника, телекоммуникация және байланыс бойынша» инновациялық оқу зертханасы ашылды, деп хабарлады Elorda.info.

Салтанатты шараға Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазиев, «Атамекен» ҰКП, мәслихат депутаттары, жұмыспен қамту орталығының, жұмыс берушілер қауымдастығының, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, индустриялық және қамқоршылық кеңестің мүшелері, жұмыс берушілер қатысты.

Зертхананы ашудағы басты мақсат – сұранысқа ие мамандарды даярлау, телекоммуникациялық байланыс жүйелері саласында жұмыс берушілермен әріптестік орнату.

Алдағы уақытта бұл зертхана «Ақпараттық кабельдік желілер» және «Электроника» бойынша WSK чемпионаттарына дайындық алаңына айналатын болады.

Зертхананың ашылу салтанатында «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандығының өндірістік оқыту шеберлері мен студенттері «Талшықты-оптикалық жүйелер» мен «Телекоммуникациялық желілер және байланыстар» зертханасында «Ақпараттық кабельдік желілер» құзыреті бойынша және «Электротехника және электрлік өлшеулер» оқу зертханасында «Электроника» құзыреті бойынша жаңа жабдықты қолдану тәжірибелерімен бөлісті.

Қазіргі таңда зертханада 4 мамандық бойынша 231 студент білім алады.

Барлық жаңалықтар