00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадада 6 медаль жеңіп алды

31.03.2023 | 21:01
Елорда ақпарат
23

Қазақстандық оқушылар халықаралық аренадағы жеңісті жолы жалғастырып жатыр. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.

Бүгін қазақстандық оқушылар физика, биология және химия пәндері бойынша халықаралық жасөспірімдер олимпиадасында 6 медаль жеңіп алған. Құрама қоржынында 1 күміс пен 5 қола бар.

Былтыр оқушыларымыз дәл осы олимпиадада 3 қола медаль иеленген еді. Осылайша, балалар биыл рекорд жаңартты.

Зияткерлік сайыс Колумбияның Богота қаласында өтті. Оған әлемнің 60 елінен 300-ге жуық бала қатысты, - деп жазды министр.

Барлық жаңалықтар