00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Министр өңірлердегі балалар өкілдерімен кездесті

31.03.2023 | 20:54
Елорда ақпарат
26

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов еліміздің барлық өңіріндегі балалар өкілдерімен кездесті, деп хабарлады Elorda.info.

Көздері оттай жанып, жігерленіп тұрған балалар өз жобалары жайында айтып, балалар құқығын қорғаудың түрлі аспектілері бойынша зерттеулерін ұсынды. Дайындық сапасына қатты таң қалдым. Себебі баяндама жасаған баланың барлығы өз тақырыптары бойынша сауалнама жүргізіп, әдебиеттерді қараған, талдау мен нақты ұсыныстар дайындаған, - деді министр.

Асхат Аймағамбетов балалардың көтерген ұсыныстары үшін алғыс айтты.

Балалардың мектептерінде «Оқуға құштар мектеп», дебаттар, мектептің өзін-өзі басқаруы сияқты жобаларымыздың жүзеге асырылып жатқанын естіп, қуанып қалдым. Балалардың көпшілігі осы жобаларға өздері де қатысады. Олар кәсіптік бағдар беру, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің қосымша тетіктері, бала кездегі жарақаттардың алдын алу, инклюзивті білім беруді дамыту, мектеп парламенттерінің өкілеттіктерін кеңейту, балалар үйлеріне қолдау көрсету, арнайы мектеп автобустарын іске қосу, тенниска мен кардигандарды мектеп формасына қосу және т.б. бойынша қызықты ұсыныстарын айтты. Көтерген ұсыныстары үшін балаларға алғыс айтып, тиісті құрылымдық бөлімшелерге осы мәселелермен жұмыс істеуді тапсырдым, - деді Асхат Аймағамбетов.

Жалпы мұндай кездесулер балалар мен министрлік арасындағы диалог алаңы болып саналады.

Балалар өкілдерін ынтымақтастыққа, бұдан да белсенді, бастамашыл болып, балалардың мәселелерін шешуге үлес қосуға шақырдым.Балалар өкілдіктері институты оқушылар арасындағы өзекті мәселелерге жедел ден қою және оларды шешу үшін Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен құрылған болатын. Балалардың құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі өкілдер білім беру ұйымдарында сайланады, - деді Оқу-ағарту министрі.

Барлық жаңалықтар