00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Тұрмысы төмен отбасылардың балалары балабақшада тегін тамақ ішеді – министр

31.03.2023 | 20:34
Елорда ақпарат
37

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов әлеуметтік осал топтан шыққан, қиын жағдайдағы отбасылардың балалары тегін тамақпен қамтамасыз етілетінін мәлімдеді. Бұл туралы ол facebook-парақшасында жазды, деп хабарлады Elorda.info. 

Қаржылай қиындыққа ұшыраған отбасылар өздерінің балаларын, қаражаттың жетіспеушілігіне байланысты, кезекке де қоймайды, сәйкесінше олар балабақшаға да бармайды. Нәтижесінде бұл балалардың әлеуметтенуі жеткіліксіз болады, мектептегі үлгерімі төмен тәуекел тобына түсуі бойынша тәуекелдер көп. Сондай-ақ балалар дұрыс тамақтанбағандықтан, олардың денсаулығында да проблемалар туындайды, - дейді министр.

Аймағамбетов бұл мәселенің қалай шешілетінін айтты.

Бұл мәселені шешу үшін енді Президенттің бағдарламасына сәйкес, Отбасының цифрлы картасы арқылы қиын жағдайға ұшыраған, әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларды анықтау алгоритмі енгізіліп, олар балабақшаларда тегін тамақпен қамтамасыз етіледі. Президенттің бұл игі бастамасы бірнеше жүз мың балаға балабақшаға баруға, оларды әлеуметтендіруге, денсаулығын жақсартуға, болашақта оқу үлгерімін жоғарылатуға мүмкіндік береді, - деп жазды министр.

Аймағамбетовтің айтуынша, барлық бастауыш сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтылады.

Бүгінгі таңда 7 облыста 1-4-сыныптардың оқушысына тегін ыстық тамақ беріледі. Енді Мемлекет басшысының 2029 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасы аясында 1-4-сынып оқушыларын 100% мектеп тамағымен қамту жоспарланып отыр. Президенттің бұл бастамасы өз кезегінде балалардың денсаулығына, жақсы дамуына, оқу үлгерімін және әл-ауқатын жақсартуына оң әсер ететіні сөзсіз. Көптеген зерттеу осындай шешімдердің пайдалы екенін көрсетіп отыр, - деді Оқу-ағарту министрі.

Барлық жаңалықтар