00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

ЕҰУ түлегі Google компаниясынан жұмысқа шақырту алды

31.03.2023 | 20:05
Елорда ақпарат
35

Әли Жүсіпов Еуразия ұлттық университетінің механика-математика факультетін математикалық және компьютерлік модельдеу мамандығы бойынша тәмамдаған, деп хабарлады Elorda.info.
Ол Google компаниясынан шақыру алып, биылғы қыркүйек айынан  Цюрихтегі кеңсесінде бағдарламашы-құрастырушы ретінде жұмыс істейді.
Әли бұған дейін Яндексте тағылымдамадан өтіп, сонымен қатар «Сбер» компаниясында бағдарламашы-әзірлеуші ретінде өзін дамытып үлгерді.
Дарынды студент ЕҰУ-да оқыған жылдары бағдарламалау саласы бойынша көптеген халықаралық олимпиада мен жарыстарда жеңімпаз атанып, сондай-ақ шахмат пен баскетболға әуес болды.
26 жыл ішінде ЕҰУ-нің қабырғасында 77 мыңға жуық білікті маман даярланды. Олардың көпшілігі отандық және шетелдік IT-компанияларда табысты еңбек етуде.

Барлық жаңалықтар