00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Қазақстан университеттерінің филиалдары шетелде ашылады

31.03.2023 | 19:43
Айман Нығмет
25

Жоғары білім берудің бірыңғай Орталық Азия кеңістігін құру жөніндегі жұмыс жалғасады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Қазақстандық жоғары оқу орындарының экспорттық мүмкіндіктерін кеңейту үшін филиалдарды ашу іс-шаралары жалғасады. Жоғары білім берудің бірыңғай Орталық Азия кеңістігін құру жөніндегі жұмыс жалғасады. Әріптестермен бірлесіп Қазақстан платформасында Орталық Азия елдерінің өзара іс-қимылын үйлестіретін бюро құру мәселесі пысықталды, - деді С. Нұрбек. 

Осы орайда ол жоғары білім беруді интернационалдандыру бастамалары Қазақстанның «Жібек жолы» халықаралық жобасы аясында жалғасатынын атап өтті. 

Сонымен қатар министр қазіргі уақытта жоғары білім беру саласындағы реттеуші 62 актіні қайта қарау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.

Барлық жаңалықтар