00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Қазақстандық педагогтерге сыйға iPhone 13 алуға болады

31.03.2023 | 17:42
Айман Нығмет
33

Байқауға қатысу үшін 6 қазаннан 1 желтоқсанға дейінгі аралықта педагогтар TikTok желісінде танымдық бейнероликтер жариялауы қажет, деп хабарлады TikTok Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен мұғалімдерге арналған #ҚазақстанМұғалімдері байқауын іске қосты, деп хабарлады Elorda.info Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Роликтердің кем дегенде 30 секундқа созылуы маңызды, ал оларды жариялау кезінде  байқаудың #ҚазақстанМұғалімдері  хэштегі пайдаланылуы керек.

Біздің елімізде пәндік сабақтарын, білім мен ғылымды ілгерілету үшін әлеуметтік желілер мен бейне платформаларды қолданатын көптеген педагогтар бар. Осының арқасында онлайн-форматта елдің әр түкпірінен келген пайдаланушылар жаңа білім алады. TikTok жетекші платформасының өкілдері біздің педагогтардың бастамаларын бағалап, қазақстандық мұғалімдер үшін конкурстар ұйымдастыратыны қуантады. Бұл TikTok алаңында білім беру контентін бірлесіп ілгерілету үшін қосымша ынталандыру болады, – деп атап өтті Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз хатшысы Мөлдір Әбдуәлиева.

Қазылар алқасының мүшелері қатысушыларды үш номинация бойынша бағалайды:

Ең креативті мұғалім. Марапатты белгілі бір тақырыпты қысқаша, түсінікті және креативті түсіндіре алған автор алады. Номинацияны платформадағы ең креативті мұғалімдердің бірі - химия пәнінің мұғалімі және студенттерді өз пәніне қалай қызықтыру керектігін жақсы білетін аниме жанкүйері Ұлан Үсенов @wannabeteacher ұсынады.

Жаңа мұғалім. Жеңіс байқау кезінде жаңа аккаунты ең көп қаралымға ие болған мұғалімге беріледі. Номинацияның амбассадоры жас математика мұғалімі Данияр Сеңгірбай @aks.dani болады.

Үздік бейнеролик. Хэштегі бар бейнеролигі байқау кезінде ең көп қаралымға ие болған мұғалім жеңімпаз болады. Номинацияны @jump2mars жобасы ұсынады, ол Қазақстандағы TikTok-та танымдық контентті алғашқылардың бірі болып танымал ете бастады және оның роликтері жүздеген мың лайк жинайды.

Байқау жеңімпаздары iPhone 13 PRO Max смартфондарын, сондай-ақ TikTok контент жазушылары ретінде дамуын жалғастыруға көмектесетін Дарындарды дамыту бағдарламасына шақыру алады.

Барлық жаңалықтар